«АТЫРАУ-АҚПАРАТ» медиахолдингінде – жаңа басшы

whatsapp image 2020 07 17 at 09.21.02 Жаңалықтар

Atr.kz / 17 шілде, 2020 жыл. Бүгін «Атырау-Ақпарат» медиа-холдингінің жаңа директоры болып Ысқақ Егембердиев тағайындалды.

«Атырау-ақпарат» ұжымына жаңа басшыны Атырау облысы әкімнің орынбасары Бақытгүл Хаменова таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Ысқақ Егембердиев​ 1983 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары.2000-2004 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетін бітірген. ​ Одан кейін ​ 2005-2007 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика магистрі біліктілігі мен академиялық дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды облысы Жезқазған қаласының ​ “Сарыарқа”, “Мысты өңір”​ ​газеттерінде тілші болып бастаған.2003-2004 ж.ж.​ “Қазақ университеті”,​ “Жас Алаш”​ газеттерінің тілшісі қызметтерін атқарған. 2005-2019​ жылдары аралығында​ “Хабар” агенттігінде сценарист, редактор, шеф-редактор, продюсер, жоба жетекшісі болып еңбек еткен. 2019 сәуірінен бастап «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарып келді.

Қазіргі уақытта «Атырау – Ақпарат» медиахолдингі 2 облыстық, 7 аудандық газеттерді, 11 сайтты және үлкен баспахананы біріктіріп отырған үлкен құрылым. Қазіргі уақытта холдингте дәстүрлі журналистикамен бірге, интернет медиа дамып келеді.

«Атырау облысының коммуникациялар қызметі»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз