
«Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ жаңа басшысы тағайындалды
Atr.kz/3 наурыз, 2020 жыл. Директорлар кеңесі мүшелерінің дауыс беруі арқылы «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ-ға Алтынбеков Нұрлыбек Алтынбекұлы тағайындалды.
Білімі жоғары, әр жылдары кәсіпкерлікпен айналысқан, сондай-ақ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «ҚазМұнайГаз» БарлауӨндіру» АҚ сынды іргелі компаниялардың құрылымдарында түрлі басшылық қызметтер жасаған. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Нұрлыбек Алтынбековтің «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» жұмысын күшейтетініне сенім артатынын білдірді.
Сондай-ақ , облыста шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып, озық технологиялар әкеліп, инвестицияға мән беріп, өнеркәсіп саласындағы ауқымды жобалардың дамуына жаңаша серпін беру жұмыстары күтіп тұрғанын айтты.
Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі