3aff1a08 e558 4c6e a3b2 41a4a7c8e970

Атырау қаласында XIV халықаралық «Жұлдыз-ай» балалар шығармашылығы фестивалі өтуде

Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/11 наурыз, 2019 жыл. Наурыздың бесінен бастап он күнге жоспарланған аталмыш байқаудың алғашқы кезеңі №22  орта мектепте ұйымдастырылды.                                                        

5eb695d6 c09f 436b 9a28 b4efd1f8660e1

Биылғы Жастар жылы аясында қолға алған фестивалді өткізуге «ВI-Жұлдызай» корпоративтік қоры ұйытқы болды. Шарада өнерлі өрендер «вокал», «хореография», «қолөнер» «музыкалық аспаптарда ойнау» аталымдары бойынша сынға түсті. Байқауда барлығы он мектептен өнерлі оқушылар және «Өмір гүлі» мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық орталығынан 24 қатысушы бақ сынады. Нәтижесінде «вокал» номинациясында Ә.Жангелдин атындағы орта мектептің оқушысы Рахым Құдышев және «Өмір гүлінің» мүшесі Ақбаян Бірән жеңіс тұғырынан көрінді. Ал, би номинациясында Данил Давыдов, Валентина Лызлова, Дамир Ғабитов, Рита Рушан, «Рокенролл» топтары жеңімпаз атанды.    

0ef81f62 832e 49e6 8a91 85749ed7d286 1

Сондай-ақ, «Өмір гүлінен» «Ақжайық» ансамблі аспаптарда ойнауда бақ сынап, бірінші орынға ие болды. Бұдан басқа, кішкентай өнерпаздар қолөнер бұйымдарын жасауда сынға түсіп, Ғ.Мүсірепов атындағы №5 орта мектебінен Айзада Асқарова  әдемі әшекей бұйымдары үшін бірінші жүлдені иеленді. Жеңімпаздар дипломдар мен арнайы сыйлармен марапатталды.   

Наурыздың соңына дейін жалғасатын фестиваль барлық ауданда өткізіліп, әрбір номинацияның жеңімпаздары конкурстың облыстық кезеңіне жолдама алады. Бұл кезең осы айдың  28-інде өтеді.  

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған