Атырау қаласында сәулет және қала құрылысы бөліміне жаңа басшы тағайындалды
Аtr.kz/22 сәуір, 2019 жыл.Бұл лауазымға бұрын қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарған Ерлан Қабдинов келді, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бүгін аппарат жиынында Атырау қаласы әкімінің міндетін атқарушы Шәкір Кейкин қалалық сәулет және қала құрылсы бөлімінің жаңа басшысын таныстырды. Бұл орынға бұрын қалалық білім бөлімінде басшы орынбасары қызметінде болған және құрылыс саласындағы сауалдарға жауап берген Ерлан Қабдинов келді.
Ерлан Қайнютуллаұлы 2003 жылы «Батыс Қазақстан тілдер және басқару институтын» «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітіріп, 2012 жылы «Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінен» «Құрылыс» мамандығын алған. Әртүрлі коммерциялық құрылымдарда, құрылыс саласына қатысты орындарда қызмет еткен. 2010 жылы Ерлан Қабдинов мемлекеттік қызметке келді.
2010 жылдан 2011 жылға дейін қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінде маман болған. 2011 жыл мен 2013 жыл аралығында Астана қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында бас маман болды. 2013 жылдан 2017 жылға дейін Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару комитетінің бас сарапшысы болып жұмыс істеді. Жаңа лауазымға тағайындалмас бұрын Атырау қалалық білім бөлімі басшысының болды.