«АтырауЭнергосату» серіктестігі тариф бағасына байланысты онлайн-тыңдау өткізеді
Atr.kz / 16 шілде, 2020 жыл. Атырау облысының департаменті «АтырауЭнергосату» ЖШС-ның хабарламасын қарау кезінде жария тыңдауға шақырады.
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті ҚР Энергетика министрлігі стансаларға шекті бағаларды өсіруіне байланысты «Атырау Энергосату» ЖШС-ның электр энергиясын бөлшек саудада өткізуге шекті бағасын алдағы уақытта көтеру туралы хабарламасын қарау кезінде жария тыңдау өткізеді.
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы №36 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларына сәйкес, ашықтықты, хабардарлықты, тұтынушылар мен субъектілер мүдделерінің теңгерімін сақтауды, тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағаларын қалыптастырудың ашықтығы мен анықтығын қамтамасыз ету мақсатында — Субъектінің хабарламасы қаралған кезде жария тыңдаулар бағаларды келісу туралы шешім қабылданғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей өткізіледі делінген.
Тыңдауларға мәслихат депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ тұтынушылар, тәуелсіз сарапшылар және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілер шақырылады.
Алайда, Атырау облысындағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, коронавирустық инфекцияны таратпау мақсатында, Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 30 мамырдағы №52 қаулысының 7 тармағына және Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 13 шілдедегі №21-29-8-10-2715 хатына сәйкес, адамдар көп жиналатын ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.
Бұл ретте, жоғарыда көрсетілген хатқа сәйкес, жария тыңдауларды онлайн режимінде өткізуге жол беріледі.
Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, Жария тыңдаулар 2020 жылдың 17 шілдесінде сағат 11.00-де онлайн режимінде, Facebook әлеуметтік желісі арқылы Департаменттің ресми парақшасында https://www.facebook.com/profile.php?id=100049879130065&ref=bookmarks өтеді.
Әрбір қатысушы электр энергиясын бөлшек саудада өткізуге шекті бағаның алдағы уақытта көтерілуі туралы хабарламаға қатысты онлайн режимінде сұрақ қоя алады.
Департаменттің байланыс телефондары: 8(7122) 30-60-48, 30-81-44.
«АтырауЭнергосату» ЖШС-гі қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің байланыс телефоны: 8 (7122) 99-42-44.