Атырауда бір тәулікте коронавирустан 9 науқас көз жұмды

snimok 3 Жаңалықтар

«Қазіргі таңда коронавирусқа шалдыққан 101 науқастың жағдайы ауыр. Оның ішінде 11 адам өкпені жасанды желдету аппараттарына қосылған» деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Атырауда бір тәулікте 307 адамнан коронавирус анықталды. Инфекцияның негізгі ошағы Атырау қаласы болып отыр. Атырауда 155 адамнан, Теңіз кен орнында 55 адамнан қауіпті вирус анықталды. Вирустың расталған басқа жағдайлары аудандарда тіркелді.

Бүгінгі таңда инфекциялық стационарларда 1 568 адам ем қабылдауда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз