Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Атыраулық әйелден ірі көлемде бекіре мен уылдырық тәркіленді

«Кедергі» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде атыраулық азаматшадан салмағы 25 келі бекіре тұқымдас балық пен 2 кг қара уылдырық тәркіленді.

 Screenshot_4

Атырау облыстық IIД баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиеваның айтуынша, 12 ақпанда басталан «Кедергі» жедел алдын алу іс-шарасы басталған. Бүгінде Атырауда бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз аулау мен браконьерлерге тосқауыл қою жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ, 13 ақпан күні «Атырау-Индер» тасжолы бойында жол-патрульдік полиция ротасы қызметкерлері «Лексус» маркалы автокөлігінен 800 келі шамасында сазан мен 42 бекіре тұқымдас балықтары табылды. Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 339 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Бұл бағыттағы іс-шаралар алдағы уақытта жалғасын табады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button