Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Атыраулықтар жер алу үшін электронды кезекке тұратын болды

Атырауда жер учаскесін алу үшін кезекте тұрғандардың тізімін жүйелендіріп, олардың бірыңғай тізімін автоматтандыру жұмыстары басталды, деп хабарлайды.

20170126231950

«Қазіргі таңда Атырауда тұрғын үй салу үшін үй кезегінде 80 мыңнан астам адам тұр, олардың 56,6 мыңы облыс орталығының тұрғындары. Кезек өте баяу жылжуда, өйткені жер учаскелері тек коммуникация желілері жүргізілген соң ғана берілуде. Дегенмен жер телімдері берілген соң да біршама проблемалар пайда болып отыр. Елдер жер кезегінде жылдап тұрады. Сол уақыт аралығында олардың мекенжайлары мен телефон нөмірлері де өзгеріп үлгереді. Содан соң оларды табу өте қиын. Жер үлестірумен байланысты осы және өзге де өзекті мәселелерді электронды үкіметпен ықпалдастырылған жер кезегінде тұрғандардың электронды базасын қалыптастыру мәселесі шешеді деген үміт бар»,-деп мәлімдеді өңірлік коммуникациялар қызметінде қалалық жер қатынастары бөлімінің жетекшісі Кәкім Шалтанов.

Оның сөзінше, электронды база іске қосылған соң әр азамат өзінің кезегін өзі бақылап отыратын болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button