Атыраулық қолданушы Facebook-те былапыт сөз жазғаны үшін қамауға алынды
Facebook әлеуметтік желісінде жағымсыз пікірін қалдырғаны үшін 4 тәулікке қамаққа алынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысы Исатай аудандық сотының баспасөз қызметі өкілдеріне сілтеме жасап.
«Атырау облысының Исатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен азамат С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Азамат С. 2017 жылдың маусым айында «Атырау-Астрахань» тасжолында болған жол-көлік оқиғасы бойынша Facebook әлеуметтік желісіндегі Атырау ОІІД-нің ресми парақшасында жарияланған хабарламаға былапыт сөздер жазып, өзінің пікірін қалдырған», — делінген сот хабарламасында.
Сондай-ақ, сот отырысында ол кінәсін мойындап, әрекетіне өкініпті.
Сот қаулысымен С. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 4 тәулікке әкімшілік қамауа алынды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.