
ЖаңалықтарҚұқық
Атыраулық кәсіпкер салық төлемегені үшін сотталды
Атыраулық бизнесмен 52 млн теңге салық төлемеген.

ЖК «Сам-Строй» жетекшісі бухгалтерлік құжаттарды бұрмалау арқылы салықтан жалтарғысы келген. 600 млн теңге көлеміндегі қаржылық операцияларды ол қолма қол ақшамен жүргізіп келген. Мемлекетке келтірілген залал 52 091 834 теңгені құрады, — деп хабарлайды Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.
Сот үкімімен салықтан жалтарған кәсіпкер қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша жауапқа тартылып, материалдық жауапкершілік жүктейтін қызметтерде 3 бойы жұмыс істеу құқығынан айырылды, сонымен қатар оған бір жарым жыл пробация режимі тағайындалды.
Хорлан Смадияр