
ЖаңалықтарҚоғам
Атыраулық дзюдошылар 6 алтынмен оралды
Атыраулық жасөпірім қыздар Атырауға 6 алтынмен оралды.
Ақпанның 28-і мен наурыздың 3-і аралығында Ақтөбе қаласында қыздар арасында дзюдан ашық Республикалық турнир өтті.
Бұл шара Астана қаласының 20 жылдығымен қатар, 8-наурыз Халықаралық «әйелдер күніне» орай ұйымдастырылған болатын. Аталған турнирге барлығы 200-ге жуық спортшы қатысып, нәтижесінде командалық есепте Атыраулықтар 2 орынға ие болды.
Ал, басты жаңалық — спортшыларымыз Республикалық турнирде 6 алтынды қанжығаға байлады.