ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғам
Атыраулық «Бейбарыс» хоккей клубы – әзірге төртінші орында
Хоккейден ел біріншілігінің кезекті турының ойынында Атыраудың «Бейбарыс» командасы Көкшетаудың «Арланын» қабылдады. Қос кездесу де тартысты өтті.
Алғашқы күні 2:1 есебімен жеңіске жеткен жерлестеріміз кешегі кездесудің нәтижесін де өз пайдасына шешті. Есеп – 3:1. Бұл ойында айдын иелерінен Константин Пальмтаг, Иван Степаненко, Альберт Вишняков көзге түсіп, көкшетаулықтар қақпасын дәл көздеді.
Алдағы жексенбі мен дүйсенбі күндері Хиуаз Доспанова атындағы сарайда Александр Истоминнің шәкірттері Павлодардың «Ертіс» клубының хоккейшілерін қабылдайды. Қазір «Бейбарыс» 20 ойыннан кейін 36 ұпай жинап, турнир кестесінің төртінші сатында келеді.
Бақытжан Жұмат.