ЖаңалықтарҚұқық
Атыраулық азамат көлігін сот арқылы қайтарып алды
Атыраулық азамат несиеге алған көлігін уақытша танысына пайдалануға береді. Белгілі бір мерзім бойынша, танысы несие сомасын өтеуге уәде етеді. Кейін несие уақыты аяқталғаннан соң, көлігін қайтара алмаған азамат облыстық сотқа арыз түсіреді. Бұл туралы Индер аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Сот шешімімен ҚР АК-нің 260-бабына сәйкес меншiк иесi өзгенiң заңсыз иеленген өз мүлкiн талап етіп, сот шешімімен жауапкерді талап қоюшыға автокөлігін кері қайтаруды міндеттеді.
Сот шешімі заңды күшіне енді.