Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Атыраулық атышулы полицей Манарбек Өтеуов тағы да сотталды

Атыраулық атышулы полицей Манарбек Өтеуов арақ ішіп алып, тергеу абақтысының басшысын ұрғаны үшін жаза үстіне жаза қосып отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

pogudx49ouphp0v86.bb7171ed

Өтеуов онсыз да адам өлтіргені үшін былтыр 22 жылға сотталған болатын. 12 сәуірде тағы 3 жарым жыл кесілгенімен, судья оның алдыңғы ауыр жазасын ескеріп, 22 жылды сол күйі қалдырған.

Тергеу мәліметтеріне қарағанда, Өтеуов камераларды тексеру кезінде дәлізге сытылып шығып, қолындағы темір кесіндісімен бақылау камераларын, электр шамдарын сындырып тастапты.

Мұның себебін білуге келген абақты бастығы Ержан Молдабековке де жұдырық ала жүгірген.

Айта кетсек, Өтеуов атышулы хатымен де танымал. Өзбекстан азаматын өлтіріп, темір торға қамалғанда ол бастықтарының да қылмысын жіпке тізіп, хат жазған болатын.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button