Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғам

Атыраулық Асабаевтар Астанадан оралды (ФОТО)

Асабаевтар отбасы Астанада өткен дәстүрлі «Мерейлі отбасы» сайысынан оралды. Атырау облысының намысын қорғаған берекелі шаңырақ иелері ұлттық бәсекеде абыройлы көрінді. Бүгін оларды жұртшылық әуежайдан қошеметпен қарсылап алды.

_EAC1561

Асабаев Кісенбай ақсақалдың жасы 82-де. Соған қарамастан ол кісі әлі тың көрінеді. 11 ұл-қыз тәрбиелеген зайыбы Дәметкен апай екеуі қазіргі күні 41 немере, 28 шөбере өсіріп отыр. Үлкен үйдің иелері Елордадан алған әсерлерін ерекше тебіреніспен жеткізді.

_EAC1586

Ұлтымыз үшін отбасы, ошақ қасы киелі, басты құндылықтың бірі. Оның іргесі мықты, шаңырағы биік болуы өте маңызды. Міне, осы ырыздығымызды насихаттауда, кейінгі ұрпаққа ұлағат етуде «Мерейлі отбасы» деп аталатын сайыстың мәні зор екен. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен өкілдер қатысты. Барлығы да ұрпақ өрбітіп, көпшілікке үлгі көрсетіп отырған берекелі шаңырақ иелері болып шықты. Біз осындай жақсы адамдармен жақын араласып, бір жасап қалдық. Сайысты ұйымдастырушыларға, оған қатысуға жағдай жасаған азаматтардың барлығына алғыс айтамыз. Өркендерің өссін, айналайындар! – деген Кісенбай ақсақал мен Дәметкен апай елге амандық, жұртқа тыныштық тіледі.

_EAC1591

_EAC1547

_EAC1555

_EAC1571

Азамат БАЗАРБАЕВ.

Суретті түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button