Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғам

Атыраулық ғалымдар мен жастар латын әліпбиіне көшу мәселесіне оң көзқарастарын білдірді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойғанын бәріміз білеміз.

IMG_5690

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте атыраулық ғалымдар мен ел ағалары, жастар Елбасының оң шешіміне қатыстыойларын білдірді.

Қатысушылар негізінен осыған дейін үш мәрте әліпби ауыстырған қазақ халқының бүгінгі рухани бейнесімен сабақтас
ойларын жеткізді.

Қазақ тілінің көш басында тұрған Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Ахмет Иасауи еңбектерін атап, ұлттық құндылықтарды қайта жаңғыртуда латын графикасының маңызы ерекше екендігін жеткізді.

IMG_5691

Қатимола Ризуанов, облыстық ардагерлер кеңесінің
төрағасы: «Негізгі жұмысқа көшуіміз керек» Руxани жаңғыру жолында елімізде жасалатын жұмыстың жаңа сатысына кіргендей болып отырмыз. Осыған дейін біздер екі түрлі латын әліпбиінің жобаларын талқылап
келген едік. Енді талқылау емес,жоспар бойынша нақты жұмысқа кірісетін уақыт жетті.Насиxаттаудың жолдарын қарастыруымыз керек. Меніңше, әріптерді енді түр-түрге бөліп түсіндіруіміз керек. Атап
айтқанда, кириллицаның өзгермей қалған әріптерін,кейін дыбысталуына қарай,ноқатпен белгіленгенін бөлек-бөлек қарастыруымыз қажет.

IMG_5692

Андрей Кораблев, Былина» орыс этномәдени бірлестігінің төрағасы:
«Түсініспеушілік болмауы керек» Күні кеше Елбасымыз жазба қазақ
тілін латынға ауыстыру туралы маңызды құжат -Жарлыққа қол қойды.Сондай-ақ, 2025 жылға дейін бұл бағыттағы жұмысты асқан
сауаттылықпен кезең-кезеңімен жүзеге асыруды тапсырды. Ал орыс
тілділер үшін, өзге де ұлттың өкілдерінің тілі сол күйі өз
функцияларын атқара беретін болып қалды. Бұл жерде xалық арасында дұрыс түсіндірме жұмысы керек. Себебі, қазірдің өзінде «бір елде екі әліпби» деген сынды ойларын айтып жатқаны белгілі. Латын әліпбиіне көшу тек қана қазақ халқының мәселесі емес. Бұл – қазақстандықтардың барлығына ортақ жағдай. Демек, түсіндіру, ақпараттық насихат жұмыстарына Қазақстан халқы Асссамблеясы құрылымы да тікелей араласуы тиіс. Қазақстан латын әліпбиімен ғана әлемдік аренада өз орнын әйгілей алатыны анық.

Жұмазия Әбдірахманова, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті көптілді білім беру факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты: «Бірден оңай келген дүниенің құндылығы да болмас» Халықтың көкейінде жүрген латын әліпбиіне қатысты пікірдің соңына кеше Елбасы нақты шешім шығарды. Басында қиындық туғызған дүниенің соңы қашанда баянды болатыны бар. Сондықтан игілікті тұстарына назар аударайық. Ел ішіндегі «латын әліппесіне көшу қиындықтар туғызбай ма?!» деген сауалдардың орын алуы да заңды. Алайда, менің ойымша, ынталанған адамға бұл әріпті үйренудің еш қиындығы жоқ. Алысқа бармайық, қазір барлық адам әлеуметтік желіде, фейсбук, ватсап т.б. отырады. Өзара латынша жазу арқылы-ақ үйренуге болады. Қазір сондай үрдіс байқалып жатыр. Бәрінің латыншааты-жөндері құжатта бар. Электрондық пошта бәрінде бар. Сонымен қатар, маңдайша мен жарнамаларды да қосымша латын әліппесімен жаза
берсек, көз үйренеді. Тіпті, теледидардағы жүгіртпе жолдар, көше атаулары да біртіндеп көшірілсе, газеттерде қысқаша хабарлар латын тілімен беріліп отырса, үйрену қиын емес. 2022 жылдан бастап латын тілі бастауыш сыныптарда оқытылса, ал 2025 жылы түгелдей латын қарпіне көшетін боламыз. Бұл жерде біріншіден сауатты түсіндіру
жұмыстары керек. Ол үшін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне үлкен жауапкершілік жүктеледі.

IMG_5693

Ринат Ғилажев, облыстық «Жас Отан» жастар қанаты филиалының төрағасы: «Әріп үйрету үйірмелері ашылады»
Тариxқа көз жүгіртсек қазақ жерінде латын қарпі 1940 жылға дейін қолданылған. Қазіргі кезде жастар тарапынан қолдау тауып отыр.
Алдын ала жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша олар қазіргі
компьютер,смартфондар тілі негізделген латын қарпін меңгеру оңай
болатынын көрсетіп отыр. Әсіресе, түркітілдес елдерде білім алатын
жастар үшін даңғыл жол болып отыр. Әрине, сан алуан пікір де бар.
Соның ішінде 40-тан асқан аға-апаларымызға латын қарпін меңгеріп
кету оңайға соқпайтын секілді. Сол үшін жастар егде жастағы үлкен
кісілерге арнап курстар ашуды ойластыруда. Қазірдің өзінде бірнеше
жобаларды сараптаудан өткізудеміз.

Нұргүл Ысмағұлова.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button