Жарнама
Жаңалықтар

Қазақстанға ауған жастары арнайы рейспен әкелінгелі жатыр

Қазақстан ауған студенттеріне арналған білім беру бағдарламасын іске асырып келеді. Соның аясында мыңдаған Ауғанстан азаматы жоғары білім алып жүр. Оларға шәкіртақы төленеді.

жоғары оқу орындарында оқитын немесе оқуға түскен ауған студенттерін елге чартерлік рейспен алып келеді. Бұл туралы білім және ғылым министрлігінің халықаралық ынтымақтастық департаментінің басқарма басшысы Эльмира Асан айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Біз БҰҰ-ның Даму бағдарламасымен және сыртқы істер министрлігінің өкілдерімен арнайы кеңес өткіздік. Қазіргі кезде біз оқуды аяқтаған, бірақ шыға алмай отырған, сондай-ақ, оқуға түскен немесе оқуды жалғастыратын ауған студенттері туралы ақпарат жинап жатырмыз. Осыдан кейін барлығын Қазақстанға алып келу үшін чартерлік рейс ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз», — дейді Асан.

Оның айтуынша, арнайы рейс Қазақстанда оқитын студенттерді ғана алып келеді. Ал оқуды бітірген және өз еліне қайтатын ауған студенттерінің мәселесі білім және ғылым министрлігінің құзіретіне жатпайды.

«Әлбетте, біз көмек жасаймыз. Өйткені ауған студенттеріне көмек беру бойынша мемлекет басшысының тапсырмасы бар. Басқа мемлекеттік органдар да осы жұмыспен айналысып жатыр», — деп атап көрсетті Асан.

Басқарма басшысы ауған студенттерінің чартерлік рейсі қай кезде ұшып келетінін нақты айтқан жоқ.

«Дәл қазір нақты мерзімін айта алмаймыз. Себебі осы мәселені шешу үшін біршама уақыт қажет. Кеше Қазақстанның Ауғанстандағы елшілігімен сөйлестік. Тәлібтер америкалық сарбаздарды 31 тамызға дейін шығарсын деген талап қойды. Осыдан кейін әуежай ашылып, чартерлік рейс мәселесі де шешілетін шығар», — дейді Асан.

Айта кетері, Қазақстан ауған студенттеріне арналған білім беру бағдарламасын іске асырып келеді. Соның аясында мыңдаған Ауғанстан азаматы жоғары оқу орнында білім алып жүр. Оларға шәкіртақы төленеді. Медициналық қызмет пен көлік шығындары да өтеледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button