Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғам

Атыраудың «жеті кереметі»

Атырау қаласының 377 жылдығына орай облыс орталығында жеті сәулеттік туынды бой көтерді. Олардың барлығында да шаһар атауы өрнектеліп жазылған.

ANU_0772

Солардың бірі — Исатай-Махамбет алаңындағы түрлі түсті кубиктерден құралған туынды. Ал, орталық көпірге қарай шығатын айналмалы жол қиылысында бірлік пен берекенің белгісі болып табылатын шаңырақ бой көтерген. Оның астында «Атырау – менің сүйікті қалам» деп жазылған. Құрманғазы атындағы аллеяда да «Менің мақтанышым – Атырау» деген жазу орнатылған. Ол қазыналы өңірдің құндылығынан сыр шертетін арнайы фотоколлажбен айшықталыпты.

ANU_0724

Сондай-ақ, халықаралық «Атырау» әуежайына барар жол бойында «Атырау – арман қала» жазуы «мен мұндалайды».

ANU_0737

Соған ұқсас дүние Д.Нұрпейісова атындағы академия алаңында да бар. Еуропа мен Азияны жалғаған орталық көпірге шығар бетте жүрек сұлбасындағы әсем туынды көздің жауын алады. Осындай «жүрек» Қайырғали Смағұлов гүлзарында да тұр.

 Амандық АБДОЛ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button