Департаментте – жаңа басшы

Аян Дуйсембаев 1 Шаһар шырайы

Полиция полковнигі Аян Дүйсембаев Атырау облысы ішкі істер департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы аталған департаменттің баспасөз қызметі жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова хабарлады.

Аян ДуйсембаевЖаңа басшыны ұжымға еліміздің Ішкі істер министрінің орынбасары,  полиция генерал-майоры Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.

Атырау өңірінде дүниеге келген Аян Дүйсембаев соңғы төрт жылда облыстық ішкі істер департаменті басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Ол – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі, әр жылдарда ішкі істер органдарында қызмет етті. ҚР ІІМ аппаратында жұмыс жасады, Алматы және Астана қалаларының құқық қорғау салаларында басшылық қызметте болды.

Ал, бұған дейін аталмыш құрылымды басқарған Арман Жалмұханбетов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кадрлар резервіне ауыстырылды.

Тағайындауға  қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев аймақ басшысының атынан А.Жалмұханбетовке өңірдегі қоғамдық тәртіпті сақтау жұмыстарын жоғары деңгейде атқарғаны үшін ризашылығын білдірді. Жаңа басшының қызметіне сәттілік тіледі.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз