Жарнама
"ATYRAÝ"-ға 100 жыл!Жаңалықтар

«Атыраудың» үздік авторлары

Атырау облыстық соты баспасөз қызметінің жетекшісі Боранбай Ғалиев — газетіміздің байырғы авторларының бірі. Толайым табыстарға қол жеткізген ол екінші дәрежелі «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісінің иегері, үш кітаптың авторы. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының, Атырау облыстық сотының Алғыс хаттарының иегері.

%d0%b1%d0%be%d1%80%d0%b0%d0%bd%d0%b1%d0%b0%d0%b9-%d0%b3%d0%b0%d0%bb%d0%b8%d0%b5%d0%b2

Қолы қалт еткенде өзі жете білетін, жан-жақты зерттеген  сот саласының жаңалықтары мен жетістіктері, көкейкесті мәселелері туралы сөз қозғайды.

Мақала, хабарлары «Атырау» газетінде жыл бойы тұрақты шығып тұрды. «Өспей жатып, өшті», «Альбионнан келіп, айыппұл арқалады» және басқа материалдары оқырман тарапынан жоғары бағаланды.

Редакция алқасы Боранбай Ғалиевті  құқық қорғау, сот саласы бойынша үздік автор ретінде таныды.

Тарих ғылымдарының кандидаты Шахман Нағымов есімін атыраулықтар жақсы біледі. Оның, әсіресе, ұлттық құндылықтар, халқымыздың тарихы туралы жазған материалдарын оқырмандар жылы қабылдады. Қуғын-сүргінге ұшыраған тарихи тұлғалар туралы толғанып, шежіреміздегі  ақтаңдақтарды  қалпына келтіру үшін өз ғұмырын арнаған ғалым толғаныстары жұртшылыққа ой салды.

%d1%88%d0%b0%d1%85%d0%bc%d0%b0%d0%bd-%d0%bd%d0%b0%d0%b3%d0%b8%d0%bc%d0%be%d0%b2

Мәселен, «Тәркілеу тақсіреті, ХХ ғасырдың 30 жылдарында Атырауда жүргізілген кәмпескенің астарында не жатыр?» аталатын сараптамалық материалы газетіміздің №75, №77 сандарына шықты. Онда автор кәмпескенің қазақ даласына әкелген шер-наласын жеріне жеткізе айтады.

30 мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Атырау» газеті редакциясында өткізілген «дөңгелек үстел» шарасында қуғынға ұшыраған атыраулық ұстаздардың өмірі туралы жарық көрген «Азалы ақ кітап» туралы архивтік деректермен, құнды ойларымен бөлісті.

Редакция алқасының бірауыздан қабылдаған шешімімен Шахман Нағымов «Тарих саласы бойынша  үздік автор» деп танылды.

Полиция полковнигі Гүлнәзира МұхтароваАтырау облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі.

%d0%b3%d1%83%d0%bb%d0%bd%d0%b0%d0%b7%d0%b8%d1%80%d0%b0-%d0%bc%d1%83%d1%85%d1%82%d0%b0%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0

Ішкі істер саласында 25 жылдан бері қызмет жасап келеді.  Ердің ері ғана жанына серік ететін қауіп-қатері мол мамандықты қалаған ол өзі сүйген қызметін ерекше күш-жігермен  атқарып жүр.  Әрі Атыраудағы санаулы ғана жоғары шенді офицер қыздардың бірегейі. «Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің үздік қызметкері» төсбелгісінің иегері, «Қалтқысыз қызметі үшін» медалінің толық иегері.

Материалдары газетте тұрақты түрде шығып келеді. Биыл «Құлқында кеткен қара алтын», «Нәрестенің – құны бес мың доллар», «Қайыршылықпен айналысып, қамауға алынды» және басқа да мақала, хабарлары жарық көрді. Редакция алқасы Гүлнәзира Мұхтарованы да бірауыздан  «Жылдың үздік авторы» деп таныды.

Ақтолқын Серікқызы – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Университет қабырғасынан шыға салысымен өзі бала кезінен армандаған мамандығына қолы жетті. Сөйтіп, қазіргі таңда шәкірттеріне ана тілінің қадір-қасиетін ұқтырып жүрген жанның бірі. Ол қолы қалт еткенде өзі бала жасынан сүйіп оқитын «Атырау» газетіне мақалалар, эсселер жазып тұрады.

%d0%b0%d0%ba%d1%82%d0%be%d0%bb%d0%ba%d1%8b%d0%bd-%d1%81%d0%b5%d1%80%d0%b8%d0%ba%d0%ba%d1%8b%d0%b7%d1%8b

«Ән бізді біріктіреді» деген мақаласында мүмкіндігі шектеулі балалардан құрылған ансамбль жұмысын ұлығылап, айналаны мейірімділікке шақырған. Сонымен қатар, кітапты көп оқып, жазушылар мен ақындарды насихаттап та отыратынын айтып кеткен жөн. «Менің сүйікті қаламгерім» деген тақырыпта жазған мақаласы да  оқырмандарға ой салды.

Редакция алқасының шешімімен  Ақтолқын Серікқызы «Әдебиет саласында үздік автор»  деп танылды.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button