Атыраудың Мақат ауданында «Атамекен» әнін бір мезгілде 300 адам шырқады (ФОТО)
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында республика бойынша 27 қыркүйек күндізгі сағат 11:00-де барлық ел азаматтары халқымыздың жүрегінен орын алған патриоттық рух сыйлайтын Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін шырқау жоспарланған болатын.
Осыған орай Мақат ауданындағы Х.Санбаев атындағы орта мектеп залында аудан әкімінің орынбасары Жандарбек Ғұмаров бастаған әкім аппаратына қарасты дербес бөлім басшылары, аудандағы білім беру мекемелерінің басшылары, мектеп оқушылары, барлығы 300-ге жуық адам сап түзей тұрып, «Атамекен» әнін шырқады. Әннің әуені мен сөзі туған жерге, елге деген тұнып тұрған сүйіспеншілікті сезіндіріп, патриоттық рухты көтеруге ықпалы зор. Отаншылдық рухты көтерген әнге құрмет елдің бірлігі мен тұрақтылығын нығайта түсері сөзсіз.
Бір мезетте ұйымшылдықпен ән шырқаған аудан патриоттарының ізгілікті қадамы алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
Лена НҰРБАЕВА.
Сурет автордікі.