Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Атыраудың Димашы республикалық «Бала дауысы» байқауына қатысады (ВИДЕО)

«Атыраулық Димаш» атанып кеткен Дінмұхаммед Нұрқабаев республикалық «Бала дауысы» республикалық ұлттық байқауының ақтық сынында өнер көрсетеді. Орда бұзар 13 жасында қияға қанат қаққан жас дарын арман қуып Алматы қаласына аттанып та кетті. Туған өлкенің үмітін арқалаған ол қазір жауапты шараға дайындық жұмыстарына қызу кіріскен.

ANU_1911

Димаш биылғы жазда аталмыш конкурстың іріктеу кезеңінен мүдірмей өткен болатын. Анасының айтуынша, баласы Алматыда жұлдызды үйде тұрады. Вокалдан сабақ беретін үздік ұстаздардан тәлім алады.

— Ұлым кішкентайынан ән салса да, онымен дәл бұлай кәсіби тұрғыда айналысып көрген жоқ еді. Енді міне, екы жылдан бері «Фантазия» студиясына барып, Любовь Иванова секілді сала мамандарынан сабақ алып жүр. Біздің отбасымыздың барлық мүшелері де ән салғанды ұнатады. Димаштың әкесі мен атасы музыкалық аспаптарда еркін ойнайды, — дейді Жанна Ишанова.

Екі жыл уақыт ішінде жас өнерпаз бірнеше ән байқауларына қатысып, жүлделі орындарға қол жеткізіп үлгерді. Ал, бұл жолы «Бала дауысы» конкурсы ол үшін алғашқы шығармашылық сынақ болды. Айтпақшы, «Ақ көгершін» сайысының өңірлік кезеңінде үшінші орын иеленген Димаш республикалық кезеңде топ жарып, Бас жүлдені қанжығасына байлады. Сонымен бірге, «Алмалы KZ» байқауының облыстық кезеңінде жұртты аузына қаратып, жеңіске жетті. Сөйтіп, келесі жылдың наурыз айында Мәскеу қаласында өтетін «Открытая Европа. Открытая планета» байқауына шақыртылды.

Айта кетейік, «Бала дауысы» байқауының ақтық кезеңі алдағы 27, 28, 29 қазан күндері «КТК» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілмек. Атыраулықтар да өз жерлестеріне дауыс бере алады. Республикалық байқау жеңімпазы париждік әйгілі «Дисней Лэнд» кешеніне жолдама алады.

Мөлдір БАЛТАБЕКҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button