Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғамҚұқық

Атыраудан жасөспірімнің өлі денесі табылды

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен белгілі болғандай, кеше, яғни, 5 қазан күні Жылыой ауданы каналдарының бірінен белгісіз жасөспірімнің денесі табылған.

20171006090953

Болжам бойынша бұл 2 қыркүйектен бері хабар-ошарсыз кеткен өзбекстандық азамат Асылбек Хамроевтың мәйіті болуы әбден мүмкін. Дәл қазір оны тану жұмыстары жүргізілуде. Сол себепті, әзірге нақты бір нәрсе айту қиын.

Естеріңізде болса, 14 жастағы Асылбек Хамроев 2 қыркүйек күні Құлсары қаласынан 80 шақырым жерде орналасқан Биікжал қыстағынан із-түзсіз шығып кеткен болатын. Осыған дейін оны іздестіру жұмыстары жүріп жатқандығын хабарлаған едік. Баланың анасы ұлы жоғалған соң 10 күннен кейін ғана полицияға өтініш түсірген. Ол Асылбекті Құлсары қаласына жетті деп ойлаған екен.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button