ЖаңалықтарШаһар шырайыҚұқық

Атырауда жоғалған екі өзбекстандық азамат әлі табылған жоқ

Атырау облысы Жылыой аудандық ішкі істер бөлімі бастығының тергеу ісі жөніндегі орынбасары, полиция подполковнигі Серікқали Тасқалиевтен білгеніміздей, өткен жаз мезгілінен бері аудан аумағында үш адам із-түзсіз жоғалып кеткен екен. Оның екеуі – өзбекстандық азамат.

ҚАЗЫНАЛЫ ӨҢІРДІҢ ҚАРЫШТЫ ҚАДАМЫ

Оның бірі өткен шілде айының 2-сі күні хабар-ошарсыз кеткен Аралбай Ходжабаев еді. Оның жоғалғандығы туралы жеке кәсіпкер Е.Ұ. ішкі істер бөліміне хабарлап, жазбаша түрде арызданған. Арыз иесінің айтуынша, Ходжабаев «Бәйтерек-2» шаруа қожалығында қора тазалаушы, мал бағушы қызметін атқарып келіпті. Тергеу бөлімшесінің тергеушісі, полиция лейтенанты Б.Жамбайдың хабарлауынша, із-түзсіз кеткен азамат құқық қорғау органдары мен жергілікті адамдар арқылы іздестірілу үстінде. Бірақ әзірге еш нәтиже берер емес.

Екінші дерек қыркүйек айының 2-сі күні орын алды. Бұл жолы өзбекстандық 15 жастағы жасөспірім ер бала жоғалды. Бұл жөнінде ішкі істер бөліміне оның анасы Умида Хамроева арыздана келді. Баласының аты-жөні – Асылбек Хамроев Орзигул. Олар аудан аумағындағы бір елді мекенде отбасылық мал бағу ісімен шұғылданады екен. Тергеу бөлімшесінің тергеушісі, полиция аға лейтенанты А.Мұқашевтің айтуынша, баланың анасы Өзбекстандағы еліне барып-келуге кеткен кезде Асылбек Хамроев Құлсары қаласына жолға шыққан көрінеді. Сол кеткеннен мол кеткен жасөспірім әлі күнге табылар емес.

– Сондықтан екі азамат туралы қандайда бір мәлімет білетін азаматтар болса, ішкі істер бөлімінің 102 немесе тергеушілердің 8702-257-77-75 немесе 8-702-830-38-32 телефондарына хабарласуын сұраймыз, – дейді С.Тасқалиев.

Ербол БИСЕКЕНҰЛЫ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button