ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғам
Атырауда жекпе-жектен əлем чемпионаты өтеді
Шараның ашылу салтанаты 1 желтоқсан — ҚР Президенті күніне жоспарланып отыр. Чемпионат мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылады,-деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жекпе-жек облыстық федерациясының президенті Мəдихан Бекбенбетовтің айтуынша, əлем чемпионатына қатысуға Атырауға 20-ға жуық алыс, жақын шетелдерден спортшылар келеді.
— Чемпионат 10 салмақ дəрежесі бойынша өтеді,-дейді Мəдихан Бекбенбетов. -Эстрада мен спорт жұлдыздарының қатысуымен көрермендер үшін шоу-бағдарлама дайындап жатырмыз.
Айта кету керек, жекпе-жектен əлем чемпионаты Қазақстанда алғаш рет өткелі отыр.
Айқара Ғұмар