Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда жастар еңбек биржасы 600-ден аса бос жұмыс орнын ұсынды

Атырауда жастар еңбек биржасы ұйымдастырған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

424254

«Apec Petrotechnic» жоғары колледжінде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесінде 30-ға жуық мекеме қатысып, түйіндемелер қабылдады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған шара жастардың, қала тұрғындарының жұмыспен қамтылуына ықпал ету, әлеуметтік-экономикалық жағдайының көтерілуіне жағдай жасау, жұмыссыздықтың статистикалық көрсеткіштерін төмендетуге бағытталған.

Бұл жоба өңірде жыл сайын өткізіледі. Әр жыл сайын жұмысқа тұрушы жастар саны өсуде. Бүгінгі жәрмеңкеге 2500-ден аса адам қатысты. Олардың барлығы өтініш беріп, жұмысқа тұру үшін түйіндемелерін қалдырды, – дейді жастар ресурстық орталығының басшысы Серік Қадыров.

Айта кетейік, өткен жылғы жәрмеңкеге 20-дан астам мекеме қатысып, 1200-ден аса адам жаңа жұмыс орындарына түйіндеме тапсырған болатын. Нәтижесінде 250-ге жуық адам жұмысқа орналасты.

Хорлан Смадияр

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button