
Атырауда жасөспірімдердің жаппай төбелесі болды (ВИДЕО)
Атырауда жасөспірімдердің жаппай төбелесі өзара кикілжіңнен туындаған. Осы орайда, интернет порталдарда «В Сеть попало видео массовой драки подростков в Атырау» видеосы жарияланған еді.
https://youtu.be/O8xF-0XoU28
Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 6 желтоқсан күні, сағат 13:25 шамасында Атырау қаласы Вокзал маңы мөлтек ауданында жасөспірімдер арасында келіспеушілік туындап, соңы өзара кикілжіңге ұласқан. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысушылардың барлығының жеке басы анықталып, олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Ал, 6 жасөспірімнің ата-анасына қатысты ӘҚБтК-нің 435-інші бабы бойынша хаттама толтырылған.
Оқиға кезінде зардап шеккендер жоқ.
Айқара Ғұмар
Видео Instagram-дағы Zello_atyrau парақшасынан алынған