Атырауда жанжал тудырған видеоға қатысы бар жастар жазаға тартылды
Атырау облысы Ішкі істер департаментінің хабарлауынша, сот қаулысымен әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты және қоғамдық тәртіпті бұзған жастар ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434 бабы 1 тармағында қарастырылған «Ұсақ бұзақылық» бойынша жауапқа тартылып отыр.
1 шілде күні 1998 және 1999 жылғы Атырау қаласының екі тұрғыны Атырау ІІБ әкімшілік қамауға алынғандарды ұстауға арналған арнайы уақытша қабылдау мекемесіне тоғытылды. Видеодағы қыз баланың ісіне қатысты бір тәуліктік әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды, — деп хабарлады баспасөз қызметі.
Видеоға қатысқан төртінші баланың кәмелеттік жасқа толмағандығы анықталды, алайда алдағы күндері оған қатысты сот қаулысы шығады.
Айта кетейік, әлеуметтік желілер арқылы оқу мекемесін балағаттаған жанжалды видео таралған болатын. Облыстық әкімдік алдында түсірілген видеоға қатысушылар Атырау қаласындағы колледждердің бірінің түлектері болып шықты. Бірнеше күн өткеннен кейін түлектер жұрт алдында істеген істері үшін кешірім сұрады.