Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда заңсыз жұмыс істеген 31 өзбекстандық анықталды

Атырау облыстық көші-қон полициясы Жылыой ауданында кезекті тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында Қазақстан аумағында заңсыз жұмыс істеген 31 өзбекстандық азамат анықталды. Көпшілігі Теніз кен орнына қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлерде жұмыс істейтін болып шықты.

2e250f35-9b2f-4ccf-9ba3-8d17c9b9809e

– Өзбекстан азаматтарына қатысты ҚР ӘҚтК-нің 517 баптың 5 бөлігі бойынша (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада және (немесе) тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны)  хаттама толтырылды,– деп хабарлады  ІІД баспасөз хатшысы  Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА.

Ал олардың жұмыс берушілері ҚР ӘҚтК-нің 518-бабы (Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы)  және 519-баптары (Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) бойынша жауапқа тартылды.

Шаһсұлтан БАҺАДҮР

Видеоматериалды Атырау облыстық ІІД ұсынды

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button