
Атыраудағы Зарослый каналының тұсынан браконьерлер ұсталды (ФОТО)
Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау аумақтық инспекциясының қызметкерлері заң бұзушы браконьерлерді Зарослый каналының тұсынан құрықтады,-деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бүгін, 9 қаңтар күні, сағат 12:30 шамасында профилактикалық тексеріс кезінде Дамбы поселкесінің екі тұрғыны Зарослый каналының тұсынан ұсталған. Олардың балық аулауға рұқсат қағазы жоқ болып шықты және мотокөліктерінің де құжаттары болмаған.
«Тексеру кезінде 2 дана бекіре тұқымдас балық, 95 дана сазан табылды. Заңсыз ауланған балықтар тәркіленіп, облыстық ішкі істер департаментіне жіберілді. Ал мотокөлік айып тұрағына қойылды»,-деп мәлімдеді Табиғат ресурстарын қорғау бөлімінің бас маманы Рүстембек Берікұлы.
Айқара Ғұмар