Атыраудағы Республикалық айтыстың бас жүлдесін екі ақын жеңіп алды (ФОТО)
Бүгін Атырау қаласында «Ұлы даланың ұлттық дəстүрлері» форумы аясында өткен Республикалық ақындар айтысының қорытындысы бойынша бас бəйгені екі ақынға теңдей бөліп берді. Атыраулық ақын Айзада Даулекенова мен қарағандылық ақын Тілеген Əділов 3 миллион теңгені теңдей бөліп алды, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Айта кетейік, кеше Атырау облысы əкімдігінің қолдауымен Респбуликалық ақындар айтысы бастау алды. Қазақстанның əр өңірінен келген 20 ақын бақ сынасқан болатын. Айтыстың қорытындысы бойынша қатысқан 8 ақынға «Шабыттандыру» сыйлығы беріліп, 200 мың теңгеден табысталды.
Сонымен қатар, қатысқан 5 ақынға «Арнайы сыйлық» номинациясы бойынша, əрқайсысына 400 мың теңгеден табысталды. 3-ші орынды иеленген Мұхтар Ниязов, Айбол Жолмағамбетов жəне Дидар Қамиев 500 мың теңгені қанжығаларына байлады.
Ал, 2-ші орынға жайғасқан оралдық ақын Талғат Мықи мен Қызылордалық ақын Бекжан Əміров 750 мың теңгеге ие болды. Айтыстың қорытындысы бойынша, бас бəйгені атыраулық ақын Айзада Даулекенова мен қарағандылық ақын Тілеген Əділов ие болып, 3 миллион теңгені теңдей бөліп алды.
Бұл айтысқа мен барымды салып дайындалған болатынмын. Осындай Республикалық ақындар айтысы өңірімізде болып жатқаны біздер үшін үлкен мəртебе деп есептеймін. Əліде талай шыңдарды бағындырамын, дейді Айзада Даулекенова.
Еңлік Сұлтан
Жақсы болған екен. Дұрыс. Жарайсыңдар! Атыраудың ақындары қайда кеткен деп жүр едім.