
Атыраудағы мектеп Халықаралық қауымдастыққа енді
Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі Нидерландыдағы «CIS» халықаралық мектептер кеңесінің ресми аккредитациясынан сәтті өтті.
Беделді ұйымның аккредитациясынан өту – ұзақ мерзімді талап ететін күрделі үрдіс. Бұл білім беру сапасына нақты көз жеткізу үшін қажет. Соған сәйкес, биыл 16-22 қыркүйек аралығында Атырауға келген халықаралық сарапшылар оқу орнындағы менеджмент, мұғалімдердің кәсіби деңгейі, оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылуымен жан-жақты танысқан.
– Аккредиттелген мектеп болу үшін оқу үдерісін ұйымдастырудың халықаралық стандарттарға сәйкестігін растадық. «CIS» қауымдастығына ену – білім беруді дамыту мен үздіксіз жетілдіру бағытында мол мүмкіндіктерге жол ашады, — дейді оқу орнының директоры Айдарбек Айтпөкешев.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ