Атырауда коронавирусқа шалдыққан науқастардың 29-ы жансақтау бөлімінде жатыр

h8a1850 5eea30a054fed COVID-19: Соңғы поштадан...

Олардың жетеуі өкпені жасанды желдету аппараттарына қосылған, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

31 мамыр күнгі мәлімет бойынша, таңертең Атырау облысының инфекциялық стационарларында 460 адам ем алуда, олардың жүктемесі 21,9%-ды құрайды (2098 төсек-орынға). Ал, жансақтау бөлімінде 29 адам емделуде, жүктеме 35,8% құрайды (81 төсек-орынға). ӨЖЖ аппараттарына 7 пациент қосылған.

Атырау облысында пандемия басталғалы бері Covid-19-бен 24 135 адам ауырып, оның 22 891-інің денсаулығы қалпына келді, бұл сырқаттанғандардың 94,8% – ын құрайды.

  2020 жылдың наурыз айынан бастап 1 миллионнан астам ПТР-тест өткізілді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз