Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғам

Атыраудағы марафонға бейнешақыру байқауы жарияланды

«ATYRAU-MARATHON» жарысы 6 мамыр күні сағат 10:00-де басталады. 10 және 21 шақырымды қамтитын бұқаралық шараға тек кәсіби желаяқтар ғана емес, кез келген қала тұрғыны қатыса алады. 

IMG_8033-21-04-17-04-41

Ауқымды шараға орай марафонның бас демеушісі «Infinity fitness» фитнес-клубы арнайы байқау жариялады. Басты шарт – бейнеролик арқылы қала тұрғындарын марафонға қатысуға шақыру және өзінің не себепті бұл шараға қатысатыны туралы айту. Байқау Instagram желісі арқылы жүзеге асады. Ережеге сәйкес әлеуметтік желі қолданушысы бір минуттан аспайтын бейнероликті жүктеп, төменде келтірілген деректерді қоса беруі шарт.

1) Марафон 2017 жылғы 6 мамыр күні өтеді. Қатысушылар екі қашықтық бойынша жүгіреді – 10 және 21 шақырым. Басталу уақыты – сағат 10:00. Жарысқа қатысу үшін «Infinity fitness» фитнес-клубында және сенбі күндері сағат 17:00-20:00 аралығында «Мұнайшы» стадионында тіркелуге болады. Сол уақытта аталған стадионда жаттығулар өтеді. Бұған қоса, 6 мамыр күні марафон бастау алатын «Атырау» халықаралық әуежайы (10 шақырым) және «Мұнайшы» стадионына (21 шақырым) жарыс басталмастан бір сағат бұрын келіп те, марафонға қатысуға мүмкіндік алуға болады.

2) Қатысушының аты-жөні;

3) #атыраумарафон #atyraumarathon #яидунамарафон #бегиилипроиграешь #войдивисторию #infinityfitnessatyrau #aquazar хэштегтерін көрсету;

4) @infinity.at @akimat_atyrau @aquazar.water бетшелерін белгілеу;

Жеңімпазды қазылар анықтайды. Ең үздік үш бейнеролик авторларына аталған фитнес-клубтың абономенттері табыс етіеді. Сондай-ақ, көрермен көзайымына демеуші «Aquazar Water» да өз сыйлығын ұсынбақ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button