Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Атыраудағы австриялық кешен аңыз ба, ақиқат па?

Алдағы уақытта австриялық «Бореалис» компаниясы Атыраудан газ-химиялық кәсіпорнын ашады деп күтілуде. Бұл еліміздің жалпы ішкі өніміне қосымша бір пайыздық түсім әкелетін болады. Брюссельде өткен қазақстандық-еуропалық бизнес-форумда аталған компанияның аға вице-президенті Еспен Остмо осылай деп мәлімдеді.

 crop_img-1597_1467268935

– Бұл жоба Қазақстанда газ-химиялық өнеркәсіптің құрылуына мүмкіндік беріп, ТМД мен Еуропа елдеріне өнімді кең ауқымда экспорттауға жол ашады. Полиэтилен өндірісіне арналған жоба Атырау облысында жүзеге асырылмақ. Келешекте компанияның қуаты жылына 1,250 млн. тонна өнімді құрайтын болады, — деді ол.

Аталмыш жобаға 5 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынғалы отыр. Келешекте өндірістің экспорттық сатылымы шамамен 2 млрд. долларға жетеді деп жоспарлануда. «Бореалис» – полиолефин, базалық химикат мен түрлі қоспалар бойынша Еуропадағы жетекші өндірушілердің бірі. Оның штаб-пәтері Австрияда орналасқан. 2016 жылдың қорытындысы бойынша компания 7,6 млн. еуро табыс тапқан.

Мағзұм Мырзағалиев, Энергетика министрінің орынбасары:

Біз полиэтилен зауыты жобасы бойынша алдын-ала техникалық-экономикалық негіздемені аяқтадық. Енді аталған зауыт жылына 1 миллион 250 мың тонна полиэтилен шығаратын болады. Кепілді газ шикізаты «Теңізшевройлдан» алынады.

Жаңа жобаның құны – 2,6 млрд. АҚШ доллары, ал, қуаты – жылына 500 мың тонна полипропилен. Мұны Біріккен химиялық компания жүзеге асырып жатыр. Құрылыс жұмыстары 2022 жылы аяқталады. 2030 жылға қарай мұнай-газ-химиялық өнімдерді тұтыну екі есе – қазіргі 1 триллионнан 1,8 триллион АҚШ долларына дейін өседі деген болжам бар.

 

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button