ЫНТЫМАҚТЫ ЕЛДЕ ЫРЫС КӨП

Кеше облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Әзербайжан Республикасының өкілі, «ГидроМонтажСервис» жабық акционерлік қоғамының директоры Аяз Аруджановты қабылдады.

Кездесуде әлемдік дағдарыс жағдайында екі ел арасындағы экономикалық байланыс мәселелері сөз болды. Астана, Ақтөбе, Орал қалаларында іссапарда болып келген мейман дағдарыс кезінде бұл өңірлерде экономикалық дамудың төмендегені байқалмайтынын, керісінше алға жылжу бар екенін айтты.

Тәуелсіздік алған 24 жылдың ішінде ел экономикасының қарышты  дамуында аймақтың да үлесі көп екенін айтқан облыс басшысы биылғы жылы өңірде атқарылған жұмыстар мен табыстарды атап өтті.

– Әлемде орын алып жатқан дағдарысқа төтеп беріп, біз биік белестерді бағындырып, алға қадам басып келеміз. Мұнай бағасы төмендегенімен, біздің экономикалық-әлеуметтік жағдайымыз құлдыраған жоқ. Ұлттық қордан қаражат бөлінді. Өңірде қаржы қиындығы байқалмайды. Керісінше, әртүрлі инновациялық жобалар қолға алынуда. Оның аясында жаңа жұмыс орындары да ашылды. Әлеуметтік бағдарламалар негізінде құрылыстар қолға алынып, тұрғын үй көптеп салынды. Азық-түлік бағасы да біркелкі сақталып келеді. Үкімет бекіткен тұрақтандыру қорында азық-түліктің 44 түрі бар. Сондай-ақ, күні ертең жергілікті жерде өндірілетін өнімдерді сатуға арналған коммуналдық базарды ашқалы отырмыз, – деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, кездесуде екі елдің арасындағы қарым-қатынас мәселелері сөз болды. 

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз