Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғамҚұқық

Атырауда ерлер колониясына телефонды бал құйылған ыдысқа салып өткізбек болған

Осы жылдың 22 қаңтарында Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті УГ-157/9 түзеу мекемесінің қызметкерлері жазасын өтеушілерге келген сәлемдемелердің арасынан тыйым салынған затты тәркіледі.

тергеу изоляторы

Түзеу мекемесінің қызметкерлері өздеріне келіп түскен жедел ақпарат бойынша шұғыл іске кіріседі. Сол күні сотталғандар 1985 жылы туылған В.К және 1988 жылы туылған К.Н-ге келген сәлемдемелерді тексеру барысында бал құйылған пластикалық ыдыстың ішінен тыйым салынған заттар – ұялы телефон және sim-картаны анықтап, тәркілейді.

«Орын алған оқиға бойынша материалдар жинақталды. Оның қорытындысы бойынша кінәлі тұлғалар бүгінде жауапқа тартылуда. Жалпы, еліміздің Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 421-бабына сәйкес, Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне қарасты мекемелерде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға осы мекемелерде сақтауға және пайдалануға тыйым салынған алкогольдік ішімдіктерді, дәрілік және есеңгірететін әсері бар заттарды, ақшаны, тамақ өнімдерін, бұйымдарды және басқа да заттарды тексеруден жасырып беру немесе кез келген тәсілмен беруге әрекеттену 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады»,-дейді УГ-157/9 мекемесінің Сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы Ринат Урахов.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Фото timeskz.kz сайтынан алынған

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button