Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда тегін спорт секциялары ашылады

Бүгін ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов «Динамо» спорт қоғамы жанынан тегін секциялардың ашылғанын жариялады.

Спортивные секции для подростков и детей

«Бүгіннен бастап барлық облыс орталықтарында «Динамо» спорт қоғамы негізінде балаларға арналған тегін секциялар ашылады. Қазіргі кезде республика бойынша 18 филиалда 180 секция жұмыс істейді. Оған 5 мыңнан астам бала қатыса алады. Осыған байланысты бапкерлер мен жаттықтырушылар құрамы жасақталды. Олардың ішінде талай чемпиондарды дайындаған азаматтар да бар», — деді Қ.Қасымов Астанадағы «Алатау» спорт кешенінде өткен мерекелік шарада.

Министрдің айтуынша, тәртіп сақшылары биылғы жылды бақытты балалық шақты қорғау бастамасына арнап отыр. «Сондықтан осы жылда балаларға патриоттық тәрбие беру жұмысына негізгі басымдық беріледі. Салауатты өмір салтын насихаттау және тағы басқа қайырымдылық шаралар ұйымдастырылады», — деп атап көрсетті Қ.Қасымов.

Айта кетейік, бүгінде «Динамо» спорт қоғамында көркем гимнастика, семсерлесу, қазақша күрес, бокс, каратэ сияқты спорт секциялары бар.

Хорлан Смадияр

 

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button