Атырауда артқы есіктен қонақ қабылдайтын нысандар анықталды (+ВИДЕО)

aarara БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/2 қыркүйек, 2020 жыл. Атырауда кәсіпкерлер тұтынушыларды жасырын қабылдап жатыр.

Қонақтарды артқы есіктен қабылдап отырған бірқатар мейрамханалар анықталды. Мобильдік топ келушілерді өзімнің қонақтарым деп ақталды. Ақыры кінәсін мойындап түсініктеме жазды. Қонақтар тарады.

Сондай-ақ, жабық нысандар да бар. Букмекерлік орталық қызметкрелері маскасыз жүр. Сағат түн ортасында 23:00-де жұмысын тоқтатуға тиіс дүкен иесі есікті енді ғана аштым деп ақталды. Бұған дейін де айыппұл салыныпты. Сол секілді, Геолог елдімекенінде де жасырын қызмет көрсететін дүкен анықталды. Бұған мобильдік топ өкілдері тұтынушы болып кіргенде ғана көз жеткізді.

Аталған бұзушылықтар бойынша Атырау қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы Бақытбек Хамза әкімшілік хаттама толтырылатынын айтты.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

https://www.facebook.com/caspiannews.kz/videos/339087503805044/

Бейнежазба: «caspiannews.kz»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз