Атырауда тұрғындардың қауіпсіздігін бақылау мақсатында 134 үйге бейнекамера орнатылады
Облыс орталығында тұрғындардың қауіпсіздігін бақылау мақсатында жаңа жоба жүзеге асырылмақ. Ол – «бұлттық бейнебақылау» жүйесі. Сөйтіп, 134 үйге осындай 1294 заманауи бейнекамера орнатылады деп жоспарланып отыр.
Атырау қалалық прокуратура мен «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының бірлескен жобасы қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Бір ерекшелігі, әр адам бейнебақылау жүйесін ұялы телефондары арқылы бақылай алады. Тіпті, «HD» камерасы арқылы түсірілген бейнежазба жеті күн бойы мұрағатта сақталмақ.
Ең алдыңғы кеезкте, бұл жүйеге оптикалық жүйе жүргізілген көпқабатты үйлер қосыла алады. Олар әр дәліздің ішкі және сыртқы бөлігіне тегін қондырылады. Төлемақысы – айына небәрі 380 теңге. Қазір Нұрсая ықшамауданындағы №10, 11, 13 және Сәтпаев көшесіндегі №2 «в» мекен-жайындағы он көпқабатты үйдің кіреберіс есігі бейбақылау жүйесімен қамтылған.
Мөлдір БАЛТАБЕКҚЫЗЫ