Атырауда түнгі марафон кезінде бірнеше көше жабылады
7 шілде күні Атырауда Елорданың 20 жылдық мерейтойына орай түнгі марафон өтеді. Осыған орай, Әбілқайыр хан көшесі мен Сәтпаев көшесінен орталық көпірге дейін жүгіретін жолдар сағат 21:00-ден 00:00-ге дейін жабылады.
Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, түнгі марафонға қатысушылар ерекше жарқыраған спорттық костюмде келуі тиіс. Жүгірушілер үшін қашықтық 5 шақырымды құрайды. Оларға неон білезіктер беріледі. Ал мәреде медальдар, мерекелік отшашу мен дискотека ұйымдастырылмақ.
Іс-шара соңында түнгі марафон ұйымдастырушылары ең креативті және «ең жарқыраған киімді» таңдайды.
Түнгі марафон 7 шілде күні, сағат 23.00-де Атыраудағы мұз сарайының алдынан басталады. Мәре — Атырау облыстық әкімдігі ғимаратына дейін. Марафонға 14 жастан асқан қала тұрғындары қатыса алады.
Айта кетейік, марафонға қатысу үшін тіркелу қажет етпейді. Барлық қатысушыларға «ATYRAU MARATHON» медальі мен сыйлықтар беріледі.