Атырауда түлектерге диплом табыстау салтанаты өтті

Аттанды сапар а Жаңалықтар

Махамбет атындағы қазақ драма театрында Атырау мұнай және газ университетінің 2017 жылғы түлектеріне диплом табыстау салтанаты өтті.

Аттанды__ сапар__а

Шараға «Kazenergy» мұнай, газ және энергетика кешені ұйымдары Қазақстан қауымдастығы төрағасының  орынбасары Ұзақбай Қарабалин, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директоры Дастан Ахмед-Заки, университет директорлар кеңесі мүшелері, ірі мұнай-газ  кәсіпорындарының  басшылары қатысты.

Жас мамандарға диплом тапсыру рәсімін Атырау облысының  әкімі Нұрлан Ноғаев сөз сөйлеп ашты.

– Бүгінгі есте қаларлық салтанатты сәтпен университет бітіруші түлектерді шын жүректен құттықтаймын. Атырау мұнай және газ университетінің жүріп өткен жолы, алған белестері тарих парақтарында қаттаулы тұр. 1958 жылдан бастап өңірімізде мұнай-газ саласы мамандарын дайындайтын техникалық жоғары оқу орнының негізі қаланды. Бұл – үлкен еңбектің жемісі. Бүгін  залда  аталған оқу орнының  қол жеткен табыстары жолында жандарын аямай жұмыстанған ардагер аға-апаларымыз отыр. Сол кісілерге алғыс айтамын. Сіздердің еңбектеріңіз текке кеткен жоқ. Соңдарыңыздан еріп келе жатқан ұл-қыздарыңыз жолдарыңызды жалғастырып, міне, бүгін өз мамандықтарының иесі атанып, өндіріске қанат қаққалы отыр.

Осынау жоғары оқу орнына университет мәртебесін алу жолында  табысты еңбек еткен университет ректоры Әли Әбішевтің де еңбегі айтуға тұрарлықтай, – деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі қызыл дипломмен бітіріп отырған түлектерге өз қолымен дипломдарды тапсырды.

«Ембімұнайгаз» АҚ Атырау мұнай және газ университетін  тәмамдаған жас мамандардың сегізін жұмысқа шақырып отыр. Бұны шара кезінде аталған компания басшысы Әнуар Жақсыбеков атап өтті.

Гүлзада Ниетқалиева

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз