Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда сауда орталықтарының өрт қауіпсіздігі бойынша жиын өтті

Төтенше жағдайлар департаменттің дағдарыс орталығында Атырау қаласындағы сауда орталықтары директорларының қатысуымен «Халықтың жаппай жүретін сауда орындарында өрттің алдын-алу сапасын жақсарту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

6f21704684019c6314967467388df33c

Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Ж.Уразгалиева Атырау облысында көпқабатты тұрғын үйлердің, әкімшілік ғимараттардың, жеке тұрғын үйлердің құрылысы артқанын, сауда үйлері мен сауда базарлары салынып, қайта жаңартылып жатқанын айтты.

«Өрттің пайда болуы, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарынан, ал өрт ошағының үлкен өрттерге айналуы оларды өшіру кезіндегі күрделі жағдайлардың ықпал етуі. Бұл өрт көлігінің кіру жолдарының болмауы, гидранттардың және көрсеткіштердің жетіспеушілігі, көлік құралдарының кіру жолдарын бөгеуі, эвакуациялық жолдардың бөгелуі салдарынан орын алады» — дейді мамандар.

Сауда алаңдары мен сауда орындары санының өсуі сатушылар мен сатып алушылар санының артуына, нәтижесінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы салдарынан, күні бойына материалдық құндылықтардан тұратын жанғыш жүктемелердің ортасында болатын адамдардың өміріне қауіп төндіреді.

Көптеген жағдайларда күзет ұйымдарының нұсқауларында кезекші қызметкерлердің іс-әрекеттерінің алгоритмі дұрыс анықталмаған, өрт сөндірудің автоматтандырылған жүйесі қосылған кезде, күзетшілер болған оқиғаның себебін анықтайды. Содан кейін мекеменің басшысына өрт туралы хабар беріп, бар өрт сөндіру құралымен өрт сөндіру жұмысын жүргізуге кіріседі.

Жиын соңында қала кәсіпкерлері сөйлеген қызметкерлерге сұрақтарын қойып, өздерінің ұсыныстарын айтты.

Хорлан СМАДИЯР

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button