Атырауда рентген диагностикасының «Құзыреттілік орталығы» ашылды
Мақсат – аурудың алдын алу, анықтау және емдеу. Диспансер мамандарының айтуынша, мұнда көкірек қуысының туберкулезін және басқа да ауруларды дер кезінде анықтап, асқынбай тұрған мезгілде емдеу шаралары жүргізіледі.
Әзірге бұл орталыққа Атырау қаласындағы №1, №3, №4, №7 және Қызылқоға аудандық емханалары қосылып, рентген суреті екінші рет оқылуда. Алдағы уақытта бұл жүйеге басқа да денсаулық сақтау ұйымдары қосылады. Осылайша, белгіленген талаптарға сәйкес, рентген суретіне талдау екі кезеңде жүргізіледі. Құзірет орталығында дәрігерлік тексеріс нәтижесі толық іске асырылып, кеңес беріледі.
– Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Атырау облысына іссапармен келген уақытта осы мекемеге де ат басын тіреді. Еліміздің бас дәрігері мекеме жұмысына оң баға берді. Ендігі уақытта мұндағы жұмыс одан әрі жүйелене түседі. Бұл – медициналық қызмет сапасын арттыруда атқарылған істердің бірі, — дейді аталған диспансер басшысының орынбасары Гүлжанат Сұлтанқызы.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА