«Митинг өткізуге арнайы рұқсат керек емес, тек жазбаша хабарлау керек» дейді сарапшы Бекнұр Қисықов

200217161029706a3615469i Жаңалықтар

Atr.kz/20 ақпан, 2020 жыл. Алматы қоғамдық кеңесінің мүшесі Бекнұр Қисықов «Қазақстан Республикасында бейбіт жиындар, шеру, пикеттер, демонстрациялық жиналыстарды өткізу мен ұйымдастыру тәртібі туралы» жаңа заң жобасына қатысты ойын білдірді.

Ол ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың қоғам белсенділерімен, азаматтық қоғаммен кездесуін жоғары бағалады.

«Заң жобасы өте жақсы. Кей пунктілерін толықтыру, ал кейбірін өзгерту керек. Бұл құжат жаңа болғандықтан, оның жағымды тұсы көп. Заң жобасы бойынша талқы басталып кетті. Бұл әдетте өте жақсы. Ал митинг жайына келетін болсақ, бұл жиындар басқа адамдардың қимыл-қозғалысына, жүріп-тұруына, қауіпсіздігіне кедергі келтірмеуі керек. Алматыда халық көп тұрады. Бұл мәселе ашық талқыға түсті. Жақын арада ортақ тоқтамға келеміз деген ойдамын», – дейді Бекнұр Қисықов.

Сарапшының айтуынша, митинг өткізу үшін рұқсат сұрау енді керек емес, тек алдын ала ескерту болса жеткілікті.

«Митинг өткізуге арнайы рұқсат керек емес, тек жазбаша хабарлау керек. Бұл жерде тек мерзімі ғана сұрақ туғызады. Біз 10 немесе 15 күн мерзім ұсындық. Бұл техникалық мәселе жақын арада шешімін табады», – деді Қисықов.

Оның айтуынша, жаңа заң сайлауға дейін қабылданады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

http://atr.kz/bez-rubriki/samat-n%D2%B1rtaza-kishkentaj-balalardy-mitingige-alyp-keluge-%D2%9Barsymyn/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз