Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда нәзік жандыларға арналған шара өтті

Халықаралық әйелдер күніне орай Әлия Бекқожиева басшылық ететін облыстық кәсіпкерлер палатасының жанындағы әйелдер кеңесі іс басында жүрген нәзік жандыларға арнап «Ай-ару» мейрамханасында  шара өткізіп, мерекемен құттықтады. Бұл жолы  кәсіпкерлер үшін күтпеген сый болды. Шараға облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың өзі келіп, жүрекжарды лебізін білдірді.

барлық істің бастауында

— Ақжаулықты аналар мен әпке-қарындастар, мерекелеріңіз құтты болсын! Өмір бастауын анадан алады. Сондықтан, әйелдің қоғамнан алар орны бір бөлек. Отбасында қыз бала қалай тәрбиеленсе, қоғам да соған қарай дамиды. Ер адамның  ел азаматына айналуына ықпал жасайтын да – әйелдер. Олар «бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деп бекер айтылмаған. Ана өз баласы үшін бар қиындықты  жеңеді. Соның ішінде бизнес өкілдері қайтпас қайсар мінездерінің арқасында сәтті іс жүргізіп келеді. Бұрынғы заманда да ел қорғаған батырларға әйел адамдар бар жағдайларын жасап отырған. Сол үрдіс бүгінде игі жалғасын тауып келеді. Олар араласпайтын қазір сала жоқ. Қай міндетті мойындарына алса да, сенімді ақтайды. Сол үшін де біз оларға шексіз қарыздармыз. Бүгінде Елбасының өзі кәсіпкерлікке бет бұрған әйелдерге үлкен көңіл бөлуде. Жыл өткен сайын олардың қатары көбейіп келеді. Ақ армандарыңыз орындалып, ойда жүрген жоспарларыңыз жүзеге ассын! Айналаңыз аман, дендеріңіз сау болсын! – деді Нұрлан Асқарұлы.

Бұдан кейін аталған кеңес төрайымы Әлия Байжанқызы сөз алып, кәсіпкер  әйелдерге  ізгі  тілегін  арнап, аймақ  басшысына  қолдауы үшін алғыс білдірді.

— Біздер үшін алтындай қымбат уақытыңызды бөліп құттықтағаныңыздан артық бақыт жоқ. Атырауда бизнес өкілдерінің 44 пайызын осы әйелдер құрайды, — деді ол.

Соңында жиналғандарға облыс әкімінің Алғыс хаттары табысталды.

Амандық Cағынтайұлы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button