Атырауда мектеп мұғалімін аяқ киім бауымен буындырып өлтірген (фото)
Атыраудағы №16 мектепте орын алған кісі өліміне қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.
Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қаражігітов атындағы №16 мектепте орын алған кісі өліміне қатысты іс аяқталды.
Сотта хабарлағандай, зардап шеккен мектеп мұғалімі мен оны өлтірген сантехник мектеп ғимаратында отырып ішімдік ішкен.
Осылайша, олардың арасында жанжал туындап, нәтижесінде ашуланған сантехник оны аяқ киім бауымен буындырып өлтірген.
Салдарынан, сот сантехникті Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 1-бөлімі бойынша сегіз жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.