ЖаңалықтарШаһар шырайыҚұқық
Атырауда «Марихуана» өртелді (ФОТО)
Бүгін Атырау облысы бойынша ҰҚК департаментінде осы жылы тәркіленген есірткінің ірі көлемдегі ерекше партиясы өртелді. Қарандашпен «Атырау Ерлан» деп жазылған есірткі салынған қораптардың біржолата көзі жойылды.
Атырау облысы бойынша ҰҚК департаменті Тергеу басқармасының тергеушісі Шафхат Исмовтың айтуынша, ағымдағы жылдың 11-ші тамызында полиэтилен пакетіне салынып, ашық жабысқақ лентамен оралған жалпы салмағы 50 кг 459 граммды құрайтын 3 қорап кептірілген марихуана есірткісі тәркіленген. ҰҚК департаменті қызметкерлері мен мамандарының қатысуымен барлығы 47 кг-нан астам марихуана есірткісі арнайы пеште өртеліп, көзі жойылды.
Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ.