Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Атырауда лимон өсіріле бастады

Атырауда өнеркәсіптік ауқымда лимон өсірілетін алғашқы бақша ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

0_38d1d_f11df853_XL

«Біздің климаттық жағдайға бейімделетін лимонның түрін ұзақ таңдадық. Нәтижесінде Ташкенттегі лимонарияда өсірілетін «Дүние» (Мир) сұрпына тоқталып, оның алғашқы 2 мың көшеттін бір гектар жерге ектік, — деді Атырау облысындағы шаруа қожалықтарының бірінің жетекшісі Владимир Розметов.

Шаруа қожалығының жетекшісі Атырауда лимон өсіруге өзбекстандық мамандардың көмектесетіндігін айтты.

«Күн суытқанда өсіндіні үсік шалмас үшін жылыжай орнатамыз. Алғашқы өнімді алдағы жылы аламыз деп жоспарлаудамыз. 4 жылдан кейін әр тал 150 келіге дейін лимон беруі мүмкін. Бұл жобаны тек Атырау облысында ғана емес, лимонды шеттен алып келетін Қазақстанның басқа өңірлерінде де жүзеге асыруды көздеп отырмыз», — деп атап өтті В. Розметов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button