ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғамҚұқық
Атырауда «Лада-Ларгус» көлігі қағып кеткен 4 жастағы қыз қаза тапты
Атырауда «Лада-Ларгус» көлігі қағып кеткен 4 жастағы қыз қаза тапты. Қайғылы оқиға Баймұxанов көшесіндегі 1-участок аялдамасы тұсында болған.
Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. Олардың айтуынша, жаяу жүргіншілер өткелінен 2 адамды «Лада-Ларгус» автокөлігі қағып кеткен.
Оқиға салдарынан 2013 жылы туған қыз қаза тауып, оның анасы шұғыл түрде облыстық ауруxанаға жеткізілген.
Автокөліктің жүргізушісі — 1996 жылы туған Индер ауданының тұрғынына қатысты Қылмыстық Кодекстің 345-інші бабы, 3-інші бөлімі бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Айдос Қарабала
Фото alau.kz сайтынан алынған